Кітапхананың пайда болу тарихы

"Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы" ЖШС (бұдан әрі — "ҰҒОО" ЖШС) кітапханасы — оқу және ғылыми процестерді әдістемелік ақпаратпен қамтамасыз ететін, сапалы білім алуға жағдай жасайтын зияткерлік әрі ақпараттық орталық, сондай-ақ біліктілікті арттыру орталығы болып табылатын құрылымдық бөлімшелердің бірі.

Кітапхана 2019 жылы штат кестесінің өзгеруіне байланысты құрылды және бастапқыда профессор-оқытушылар құрамының көмегімен және қолда бар әдебиеттер негізінде жасақталды.

Кітапхана қоры әмбебап сипатқа ие, мазмұны, мақсаты мен оқырмандарға арналған бағыты бойынша алуан түрлі. Қорда оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттер мен әртүрлі кітаптар жинақталған.

Қордың ең басты ерекшелігі мен құндылығы — "ҰҒОО" ЖШС қызметкерлерінің еңбектері: профессор-оқытушылар құрамының көп жылдық тәжірибесіне, клиникалық білімі мен практикалық машығына негізделген монографиялар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік ұсыныстар, атластар және басқа да басылымдар.

Жыл сайын кітапхана қоры дәрігерлер мен резидент-дәрігерлердің сұраныстарына сәйкес жаңа, өзекті медициналық әдебиеттермен толықтырылып отырады.

Сонымен қатар, қызметкерлер мен резидент-дәрігерлер "ҰҒОО" ЖШС-нің мамандықтар бойынша электрондық медициналық кітаптар орналастырылған корпоративтік қоймасына, сондай-ақ Scopus, Wiley, Clarivate сынды халықаралық дерекқорларға қол жеткізе алады.