Өйткені әр ісіктің өзіндік ерекшеліктері бар. Емнің нәтижелі болуы да осы ерекшеліктерді қаншалықты дәл анықтауға байланысты.
Сондықтан диагностика ісікті анықтап, оның қатерлі екенін растаумен шектелмейді. Ісіктің биологиялық қасиеттерін зерттеу де аса маңызды. Бұл дәрігерлерге аурудың сипатын тереңірек түсініп, әр науқасқа тиімді емдеу жолын таңдауға көмектеседі.
Ұлттық ғылыми онкология орталығында сүт безі қатерлі ісігіне кешенді патоморфологиялық зерттеу жүргізіледі. Оның ішінде иммуногистохимиялық талдау да бар. Зерттеу барысында ісіктің гормондық рецепторлары, HER2 мәртебесі және Ki-67 көрсеткіші анықталады. Бұл мәліметтер ісік жасушаларының өсу белсенділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Осы нәтижелерге сүйене отырып, дәрігерлер науқасқа қандай ем қажет екенін және оны қай ретпен жүргізу керектігін шешеді. Бір жағдайда операция қажет болса, екінші жағдайда химиотерапия, гормондық немесе таргеттік ем басым болуы мүмкін. Кейде бұл әдістер бірінен кейін бірі қолданылады.
Яғни, емдеу тактикасы әр науқасқа жеке таңдалады.
