Скальпель әрдайым жалғыз шешім бе?

Бас және мойын аймағындағы ісіктерді емдеу тәсілдері өзгеріп келеді. Бүгінде мамандардың міндеті – аурумен тиімді күресіп қана қоймай, мүмкіндігінше ағзалардың қызметін және пациенттің өмір сапасын сақтау. Ал қалқанша без обырының жекелеген жағдайларында заманауи тәсіл операция жасаудың орнына динамикалық бақылау тактикасын таңдауға мүмкіндік береді.

Диагностика мен емдеудегі жаңа тәсілдер, заманауи хирургияның мүмкіндіктері және әр пациент үшін оңтайлы емдеу тактикасын таңдау мәселелері ONCO FUTURE KAZAKHSTAN 2026 аясындағы «Бас және мойын ісіктері» және «Тиреоидологиядағы мультимодальды тәсіл» арнайы секцияларында талқыланады.

Тіркелу сілтемесі: https://nrocevents.kz/event?id=7016