Күрделі операциядан кейін төртінші күн. Науқасқа көмейдің қатерлі ісігі диагнозы қойылған болатын. Дәрігерлер көмейді толық алып тастауға мәжбүр болды: ісік құрылымның жартысынан астамын зақымдап, енді оны сақтап қалу мүмкін болмаған.
«Ісік кең таралған. Сондықтан радикалды түрде алып тастау шешімі қабылданды. Науқастың жағдайы тұрақты. Ертең зонд арқылы тамақтандыруды бастаймыз. Жазылу үдерісі жақсы жүріп жатыр», – дейді ҰҒОО-тың бас және мойын ісіктері секторындағы аға ординатор Болат Шалабаев.
Мұндай операциядан кейін тыныс алу трахеостомиялық тесігі арқылы жүзеге асады, ал науқасты ұзақ оңалту кезеңі күтіп тұр. Бірақ хирургтар келесі кезеңге дайындалып жатыр: науқастың дауысын қайтару.
«Болашақта біз дауыс протезін орнатуды жоспарлап отырмыз. Протез түрлері әртүрлі, ең жиі қолданылатын үлгісі – трахеостомияның артқы қабырғасы мен өңештің алдыңғы қабырғасын байланыстыратын құрылғы. Бұл науқасқа қайта сөйлеуге мүмкіндік береді», – деп түсіндірді хирург.
Бас және мойын қатерлі ісіктерімен күрес күніне орай ҰҒОО дәрігерлері ескерту жасайды: бұл ауру түрлері ұзақ уақыт бойы ешқандай белгі бермеуі мүмкін. Сондықтан қауіп факторлары (шылым шегу, алкоголь, зиянды заттармен жұмыс істеу) бар адамдар уақтылы профилактикалық тексеруден өтіп тұруы керек.
Бейнеге сілтеме: Смотреть на YouTube
