ҰҒОО мен Acıbadem Healthcare Group өкілдері қатерлі ісікті емдеудің заманауи тәсілдерін талқылады

Ұлттық ғылыми онкология орталығындаТүркияның Acıbadem Healthcare Group компаниясы делегациясының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Делегацияны доктор Фатих Олмез және доктор Гамзе Сумер бастап келді.


Кездесу барысында онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері талқыланды.


Қатысушылар ұсақ жасушалы емес өкпе қатерлі ісігін емдеудің заманауи әдістері және жоғары дәлдіктегі сәулелік терапия технологияларын қолдану жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар онкологиялық көмекті одан әрі дамыту, инновациялық технологияларды клиникалық тәжірибеге енгізу және мамандар арасындағы кәсіби ынтымақтастықты кеңейту перспективалары сөз болды.