Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы мен Ресейдің Денсаулық сақтау министірлігінің Н.Н. Блохин атындағы ұлттық медициналық онкология орталығы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Салтанатты рәсім Мәскеуде өткен VI Халықаралық «Инновациялық онкология» форумы аясында өтті.
ҰҒОО атынан құжатқа Басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы Жандос Бүркітбаев қол қойды. Ресейлік орталық тарапынан келісімді Ресей ғылым академиясының академигі, ҰМЗО онкология директоры, Ресей Денсаулық сақтау министірлігінің бас штаттан тыс онколог-маманы Иван Стилиди бекітті.
Бұл келісім ҰҒОО үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Халықаралық әріптестікті дамыту, ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты нығайту және Қазақстан денсаулық сақтау тәжірибесіне озық емдеу технологияларын енгізу. Тәжірибе алмасуға, мамандарға арналған бірлескен білім беру бағдарламаларына және науқастарға кеңестер ұйымдастыруға ерекше назар аударылатын болады.
Ынтамақтастықтың қамтитын негізгі бағыттар:
• бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және инновауиялық емдеу әдістерін сынақтан өткізу;
• біліктілікті арттыру бағдарламаларын дамыту және халықаралық тәжірибе алмасу;
• науқастарға кеңестер ұйымдастыру, соның ішінде қашықтан форматын енгізу;
• ғылыми конференциялар мен симпозиумдар өткізу;
• заманауи технологияларды қолдана отырып, клиникалық тәжірибені кеңейту.
Форум аясында «ҰҒОО – Қазақстан Республикасындағы онкологиялық ауруларды емдеудің озық технологиялары» атты жеке сессия өтті, онда Орталықтың жетістіктері мен елдегі онкологиялық қызметті дамыту жоспарлары таныстырылды.
Форум аясында сондай-ақ Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық радиология ғылыми-зерттеу орталығымен (Мәскеу, Ресей) және А.И. Крыжановский атындағы Краснояр аймақтық клиникалық онкологиялық диспансерімен (Красноярск, Ресей) ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
