31.08.2026
Үлкен өмірге алғашқы қадам
Биыл Ұлттық ғылыми онкология орталығы қызметкерлерінің 42 баласы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.
Жаңа оқу жылы қарсаңында болашақ бірінші сынып оқушыларына арнап қызыл кілемі бар ерекше мереке ұйымдастырылды. Әр балаға мектепке қажетті оқу құралдары мен ҰҒОО кәсіподағы атынан ақшалай сертификат табысталды.
Ертең олардың алғашқы қоңырауы соғылады. Алда талай жаңалық, жақсы достар мен алғашқы үлкен жеңістер күтіп тұрсын!
Ақ жол, жас бүлдіршіндер!
