Қараша – ұйқы безінің қатерлі ісігі туралы ақпараттандыру айы. Осыған орай, Ұлттық ғылыми онкология орталығында ем алған пациентіміз Сейтхан Набиев туралы баяндағымыз келеді.
Бүгінде Сейтхан Набиев бес жыл бұрынғы оқиғаларды күлімсіреп еске алады. Ал 2021 жылы оның өмірінде үлкен сынақ басталған еді. Дәрігерлер оған ұйқы безінің қатерлі ісігі диагнозын қойып, күрделі ем қабылдауға тура келді.
Ұлттық ғылыми онкология орталығында оған күрделі операция жасалды. Оның өмірі үшін гепатопанкреатобилиарлық хирург Асан Айтмұқашұлы Жексембаев бастаған дәрігерлер тобы бар күшін салды.
Сейтхан Қаниұлы дәрігерлердің көрсеткен қамқорлығын ерекше жылылықпен еске алады. Айтуынша, дәрігерлер күніне бірнеше рет жағдайын білуге келіп, сауығып кетуіне көмектескен. Оның алғашқы жетістіктеріне өздері де бірге қуанып отырған.
Араға 5 жыл салып Сейтхан мырза Оңтүстік Кореяда медициналық тексеруден өтеді. Сол жерде мамандар операция нәтижелерімен танысып, қазақстандық хирургтердің жұмысына жоғары баға берген. Мұндай күрделі операцияның Қазақстанда сәтті жасалғанына да таңданыстарын білдірген.
Бүгінде Ұлттық ғылыми онкология орталығында ұйқы безіне күрделі операциялар жасайтын арнайы орталық жұмыс істейді. Мұнда тәжірибелі хирургтер осындай диагнозы бар науқастарға көмек көрсетеді.
