Ғалымдар мен мамандар Құрылтайдың Ғылым жөніндегі сарапшылық кеңесінің жұмысына қатыса алады

Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті ғылыми қауымдастық өкілдерін Ғылым жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысына атсалысуға шақырады.

Ғалымдар мен сала мамандары еліміздегі ғылымды дамытуға қатысты өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын жолдай алады. Атап айтқанда, мына бағыттар бойынша пікір мен бастамалар қабылданады:

• ғылыми зерттеулерді қаржыландыру;

• ғылым саласындағы заңнаманы жетілдіру;

• ғылыми инфрақұрылымды дамыту;

• ғылыми кадрларды қолдау;

• ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру.

Ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми сайтындағы «Қызметі» – «Сарапшылық кеңестер» бөлімі арқылы жолдауға болады. Ол үшін Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетін және тиісті бағытты таңдау қажет. Толық ақпарат және ұсыныс жолдау сілтемесі: https://quryltai.kz/ru/activity/expert-councils/committee/8

Ұлттық ғылыми онкология орталығының ғылыми қызметкерлері мен мамандарын осы мүмкіндікті пайдаланып, Қазақстан ғылымын дамытуға қатысты өз ұсыныстары мен бастамаларын білдіруге шақырамыз.