Ұлттық ғылыми онкология орталығында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Жиында Орталықтың Басқарма төрағасы Жандос Бүркітбаев әріптестерін ұлттық мерекемен құттықтап, оның тарихи маңызына тоқталды. Сондай-ақ отандық денсаулық сақтау саласын дамытудағы әрбір қызметкердің еңбегі маңызды екенін атап өтті.

Іс-шараның маңызды бөлігі – кәсіби еңбегі жоғары бағаланған Орталық қызметкерлерін марапаттау рәсімі болды.

Көп жылғы адал еңбегі, кәсібилігі және денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҰҒОО қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық наградалары табысталды. Олардың қатарында «Еңбек ардагері» және «Салаға қосқан үлесі үшін» медальдары, «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» және «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгілері, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары бар.

Бұдан бөлек, Орталық басшылығы мен кәсіподақ ұйымы да жұмыстағы жетістіктері және ұжым өміріне белсенді араласқаны үшін бірқатар әріптесті Алғыс хаттармен марапаттады.

Әр награданың артында – жылдар бойғы еңбек, жауапты шешімдер, кәсіби міндетке адалдық пен үлкен жауапкершілік жатыр.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңізді мақтан тұтамыз. Алдағы уақытта да толағай табыстарға жете беріңіздер!