Бүгінде ҰҒОО-да гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялаудың аутологиялық және аллогендік түрлерінен бастап, гаплоиденттік трансплантацияға дейінгі түрлі әдістері жүзеге асырылады

Бұл бағыттағы жұмыста Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен ынтымақтастықтың маңызы зор. Орталық пациенттерге трансфузиялық қолдау көрсетіп, тіндердің иммунологиялық типтелуін жүргізеді, донорлық қан компоненттерін іріктейді. Сондай-ақ гемопоэздік дің жасушаларын алу, сақтау және трансплантация жасалатын медициналық ұйымға жеткізу жұмыстарын қамтамасыз етеді.

Бұл туралы ONCO FUTURE KAZAKHSTAN 2026 халықаралық конференциясы барысында ТҒӨО Стратегиялық және инновациялық даму басқармасының басшысы Сабит Уәлиев айтты.

Оның айтуынша, жасушалық технологиялардың дамуы ересек пациенттерге сүйек кемігін трансплантациялау көлемін арттыруға жаңа мүмкіндіктер береді.

Гематология және сүйек кемігін трансплантациялау саласындағы өзекті мәселелер 10-11 қазанда ҰҒОО-да өтетін IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда да талқыланады. Жиынға отандық және шетелдік мамандар қатысып, қан жүйесі ауруларын диагностикалау, емдеу және пациенттерді әрі қарай бақылауда ұстаудың заманауи тәсілдерін талқылайды.