«АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Астана, 30 мамыр, 2025 жыл. Ұлттық ғылыми онкология орталығы (ҰҒОО) мен инновациялық биофармацевтикалық компания «АстраЗенека» өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Екі жақ тарап онкология саласындағы ұзақ мерзімді әріптестікті нығайтуға ниетті. Құжатқа Ұлттық ғылыми онкология орталығы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Санжар Шалекенов және «АстраЗенека» компаниясының Қазақстандағы бас директоры Мария Шипулева қол қойды. 


Құжат үш негізгі бағытты қамтиды:

1.    Заманауи диагностика мен терапия – клиникалық тәжірибеге молекулалық профилактирлеу, таргеттік және иммуноонкологиялық тәсілдерді енгізу;


2.    Ғылыми-ағартушылық бағдарламалар – бірлескен CME курстары, «Жас онколог» мектептері және халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасу;


3.    Фармакоқадағалау және ерте қолжетімділік бағдарламалары – дәрілік заттардың қауіпсіздігін бақылау жүйесін күшейту және науқастарды мемлекеттік тіркеуден бұрын инновациялық препараттармен қамтамасыз ету.


«Бұл меморандум Қазақстандағы онкологиялық көмектің дамуының жаңа кезеңін ашады. Біздің клиникалық тәжірибеміз бен «АстраЗенека» компаниясының ғылыми ресурстарын біріктіре отырып, біз диагноз қойылған сәттен бастап тиімді емдеуге дейінгі жолды қысқарта аламыз», - деп атап өтті Санжар Шалекенов.

«АстраЗенека» компаниясы Қазақстандағы онкологиялық аурулары бар пациенттердің инновациялық дәрі-дәрмектерге қолжетімділігін жақсартуға, медициналық қауымдастықтың онкология саласындағы біліктілігін арттыруға және диагностикалық мүмкіндіктерді дамытуға ұмтылады. ҰҒОО-мен қол қойылған Меморандум — Қазақстанда онкологиялық ауруларға қарсы күрестің кешенді жоспары мен «Қазақстан – 2050» ұлттық стратегиясын жүзеге асыруға қосқан үлесіміздің тағы бір дәлелі», — деп атап өтті «АстраЗенека» компаниясының халықаралық нарықтар бойынша вице-президенті Нитин Капур.

Айта кетейік, «АстраЗенека» компаниясы Қазақстанда нақты клиникалық тәжірибеге негізделген зерттеулер жүргізуді және отандық өндірушілер базасында онкологиялық препараттардың жергілікті өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Тараптар бұл стратегиялық әріптестік қазақстандық науқастардың өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттырады, елдің ғылыми әлеуетін күшейтеді және денсаулық сақтау жүйесіне қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік береді деп күтуде.  


Ұлттық ғылыми онкология орталығы туралы

ҰҒОО Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған, ғылыми әзірлемелерді, медициналық практиканы және инновациялық технологияларды біріктіретін бірегей кластер болып табылады. Бүгінде орталық онкология саласындағы жетекші медициналық мекеме болып табылады және халықаралық стандарттарға сай диагностика мен емдеудің толық спектрін ұсынады.

«АстраЗенека» компаниясы туралы

«АстраЗенека» — онкология, кардиология, нефрология және метаболизм, респираторлық, аутоиммундық және сирек кездесетін аурулар сияқты терапиялық салаларда рецептуралық препараттарды зерттеу, әзірлеу және нарыққа шығару бағытында жұмыс істейтін халықаралық инновациялық биофармацевтикалық компания. Компанияның бас кеңсесі Ұлыбританияның Кембридж қаласында орналасқан. «АстраЗенека» әлемнің 100-ден астам елінде қызмет етеді және оның инновациялық препараттарын бүкіл әлем бойынша миллиондаған пациент пайдаланады.