21.05.2025
21 мамыр – Ұлттық ғылыми онкология орталығында Донор күні
Ұлттық ғылыми онкология орталығының қызметкерлері Қан орталығының жылжымалы бекетінде ұйымдастырылған қан тапсыру акциясына қатысып, ерікті түрде донор болды.
Трансфузиялық қолдау – заманауи онкологиялық көмектің маңызды бөлігі. Химиотерапия, сәулелік терапия немесе хирургиялық ем алып жатқан науқастардың өмірлік маңызды функцияларын қалпына келтіру үшін қан құю қажет болатын жағдайлар жиі кездеседі.
Әр донация – науқас үшін өмір сүруге берілген нақты мүмкіндік. Бұған дейінгі осындай акция барысында 50-ден астам қызметкер қан тапсырып, донорлық – кәсіби жауапкершілік пен адами жанашырлықтың жарқын үлгісі екенін көрсетті.
Акцияға белсене қатысқан барша әріптестерімізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
