Радиациялық қауіпсіздік және физикалық қорғау қызметі

Қызметтің негізгі міндеті – иондаушы сәулелену көздерімен (ИСК) жұмыс істеу кезінде персоналдың, пациенттердің, халықтың және қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес иондаушы сәулелену көздерін, радионуклидтік көздер мен радиоактивті қалдықтарды физикалық қорғау шараларын іске асыру.

Қызметтің негізгі функциялары

  • Радиациялық қауіпсіздік нормалары мен қағидаларының сақталуын бақылау;
  • Дозиметриялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
  • Радиациялық тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және енгізу;
  • Персоналды иондаушы сәулелену көздерімен және радиоактивті заттармен жұмыс істеуге жіберуді ұйымдастыру;
  • Иондаушы сәулелену көздері мен радиациялық қауіпті объектілердің физикалық қорғалуын қамтамасыз ету;
  • Нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттама мен есептілікті жүргізу;
  • Радиациялық оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысу және авариялық әрекет ету рәсімдерін әзірлеу;
  • Қадағалау және бақылаушы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.
Бөлімше мамандары
Ақбөкен Ещанова Бектұрсынқызы
Радиациялық қауіпсіздік және физикалық қорғау қызметінің меңгерушісі. Еңбек өтілі – 13 жыл.
Құмар Шідербай Ардақұлы
Радиациялық қауіпсіздікті бақылау жөніндегі аға инженер. Еңбек өтілі – 9 жыл.
Сеил Қаратаев Серхилұлы
Радиациялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны бақылау жөніндегі инженер. Еңбек өтілі – 17 жыл.
Асхат Шүкіманов Мақсұтұлы
Физикалық қорғау жөніндегі инженер. Еңбек өтілі – 18 жыл.
Алина Кенжебекова Саматқызы
Радиациялық қауіпсіздікті бақылау жөніндегі инженер. Еңбек өтілі – 4 жыл.
Ерлан Ержанов Ержанұлы
Радиациялық қауіпсіздікті бақылау жөніндегі инженер. Еңбек өтілі – 7 жыл.
Гүлмарал Исмаил Хазыратоспанқызы
Радиациялық қауіпсіздікті бақылау жөніндегі инженер. Еңбек өтілі – 1 жыл.
Диляра Самарханова Тоқтарханқызы
Радиациялық қауіпсіздікті бақылау жөніндегі инженер. Еңбек өтілі – 3 жыл.