Торакалды хирургия секторы

Сектордың аға ординаторы – Макаров Валерий Анатольевич, онкоторакалды хирург, медицина магистрі, PhD докторы, денсаулық сақтау ісінің үздігі.

Торакалды хирургия секторының қызмет бағыттары:
  • Ересектердегі кеңірдек, өкпе, көкірек аралығы, кеуде қуысы ауруларын диагностикалау және емдеу.
  • Өңештің ауруларын диагностикалау және хирургиялық жолмен емдеу.

Сектордың хирургиялық құзыреті:

  • Кеуде қуысы ағзаларына ашық операциялар (өкпе, көкірек аралығы, өңеш, плевра).
  • Аз инвазивті хирургия (лапароскопиялық, торакоскопиялық, роботтық).
  • Кеуде қуысы мен құрсақ қуысы ағзаларының ісіктері.
  • Плевра қуысындағы қатерлі аурулардың біржақты таралған түрінде аймақтық перфузиялық терапия жүргізу.
Бөлімше дәрігерлері
Жаксыбаев Бахыт Арланович
Торакалды хирург, еңбек өтілі — 6 жыл.