Онкоколопроктология секторы

Сектор жетекшісі: Мамлин Мейрам Асқарұлы – жоғары сантты дәрігер, МВА.

Сектордың қызметі

Колопроктология секторы тоқ ішек, тік ішек және анальды өзек ісіктерін диагностикалау және емдеумен айналысады. Сондай-ақ біз қабынбалы ішек аурулары мен тоқ ішектің дивертикулярлық ауруы бар науқастарға көмек көрсетеміз.

Оталық араласулар

Біз заманауи хирургиялық әдістерді қолданамыз, соның ішінде:

  • Тоқ және тік ішектің қатерлі ісіктері мен қатерсіз ауруларында лапароскопиялық оталар;
  • Тік ішек ісіктерінде трансанальды эндоскопиялық ота (ТЕО);
  • Күрделі жағдайларда ашық хирургиялық араласулар.

Әрбір клиникалық жағдай көсалалы топта талқыланып, мүмкіндігінше ағзаны сақтап қалуға және стома қоймай ота жасауға бағытталған шешімдер қабылданады. 

Ғылыми қызмет

Сектор колоректалды қатерлі ісікті ерте анықтау мен емдеуді жетілдіруге бағытталған зеттеулерге белсенді қатысады:

  • Микробиотаның колоректалды қатерлі ісіктің дамуына әсері;
  • Колоректалды оталардан кейінгі анастомоздың жетіспеушілігін ерте анықтау;
  • Тоқ және тік ішек аурулары бар науқастарға көмектің сапасын арттыру.
Бөлімше дәрігерлері
Хамзина Сауле Сансызбаевна
Хирург-онколог дәрігер, жоғары санатты.