Тераностика бөлімшесі

Біз ядролық медицинаның заманауи технологияларын қолдана отырып, жоғары дәлдіктегі диагностика мен емдеуге маманданамыз. Бөлімше патологиялық үдерістерді жоғары дәлдікпен бейнелеуге мүмкіндік беретін заманауи гибридті диагностикалық аппараттармен жабдықталған.

Қазақстан мен Орталық Азия үшін бірегей бейнелеу технологияларын клиникалық тәжірибеге енгізу арқылы онкологиялық ауруларды диагностикалаудың тиімділігін арттырып, әрбір пациентке жеке емдеу тәсілін таңдауға мүмкіндік жасап келеміз.

Бөлімше екі сектордан тұрады:

1. Радиоизотоптық диагностика секторы

Сектор радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды пайдалана отырып, ауруларды ерте анықтау, диагнозды нақтылау және ем нәтижесін бақылау мақсатында диагностикалық зерттеулер жүргізеді.

Көрсетілетін қызметтер:

  • ПЭТ/КТ – компьютерлік томографиямен біріктірілген позитронды-эмиссиялық томография;
  • ПЭТ/МРТ – магниттік-резонанстық томографиямен біріктірілген позитронды-эмиссиялық томография;
  • ОФЭКТ/КТ – компьютерлік томографиямен біріктірілген бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томография.

Қолданылатын озық технологиялар

  • Philips компаниясының ПЭТ/КТ жүйесі – фотондарды цифрлық есептеу технологиясының арқасында сәулелік жүктемені азайта отырып, жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді.
  • Siemens компаниясының ПЭТ/МРТ жүйесі – Орталық Азиядағы жалғыз аппарат. Ол бір мезгілде ПЭТ және МРТ зерттеулерін жүргізуге мүмкіндік береді. Бас миы, құрсақ қуысы және кіші жамбас ағзаларындағы ісіктерді диагностикалауда таптырмас құрал.
  • Siemens компаниясының ОФЭКТ/КТ жүйесі – жоғары өнімді компьютерлік томографияны жетілдірілген гамма-бейнелеу технологиясымен біріктіреді. Бас миы, өкпе, бауыр, бүйрек, буындар және лимфа түйіндерінің ауруларын диагностикалауда қолданылады.

Зерттеу қалай жүргізіледі?

Барлық зерттеулер алдын ала жазылу арқылы жоспарлы түрде жүргізіледі.

Қызметтер Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында көрсетіледі.

Зерттеу алдында пациентке жеке дайындық жүргізіледі. Процедураның ерекшелігіне байланысты орталықта болу ұзақтығы 2 сағаттан 6 сағатқа дейін созылады.

Жүргізілетін зерттеулер

  • бүкіл дененің ПЭТ/КТ және ПЭТ/МРТ зерттеуі;
  • сүйек-буын жүйесінің ОФЭКТ/КТ зерттеуі;
  • 99Tc радиофармацевтикалық препараты қолданылатын қалқанша және қалқанша маңы бездерінің ОФЭКТ/КТ зерттеуі;
  • гепатобилиарлық жүйенің ОФЭКТ/КТ зерттеуі;
  • бүйрек пен бауырдың динамикалық сцинтиграфиясы.
  • Бөлімше тераностика және ядролық медицина саласындағы жаңа әдістерді клиникалық тәжірибеге белсенді енгізіп, ғылыми зерттеулерге тұрақты түрде қатысады.

Байланыс ақпараты

  • +7 (7172) 57 08 47
  • +7 771 486 87 03 – ПЭТ/КТ және ПЭТ/МРТ (WhatsApp)
  • +7 776 037 48 88 – ОФЭКТ/КТ (WhatsApp)
  • Электрондық пошта: nroctera1@gmail.com


2. Радионуклидтік терапия секторы

Сектор радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды қолдану арқылы қатерлі және қатерсіз ауруларды емдеуге маманданған.

Қолданылатын препарат:

  • I-131 – қалқанша безінің дифференцияланған обырын, метастаздық ошақтарды және тиреоидэктомиядан кейін қалған қалқанша безі тіндерін емдеу үшін қолданылады.

Байланыс ақпараты

  • +7 (7172) 57 08 32
  • +7 775 501 16 18 (WhatsApp)
  • Электрондық пошта: nroctera1@gmail.com
Бөлімше дәрігерлері
Люгай Екатерина Анатолиевна
Тераностика бөлімінің меңгерушісі. Еңбек өтілі — 25 жыл.
Фет Максим Михайлович
Радиоизотоптық диагностика секторының аға ординаторы. Еңбек өтілі — 12 жыл.
Ғаниева Айгерім Анарбекқызы
Радиоизотоптық диагностика секторының дәрігері. Еңбек өтілі — 8 жыл.
Кульбаев Руслан Тлектесович
Радиоизотоптық диагностика секторының дәрігері. Еңбек өтілі — 4 жыл
Карибаев Берик Турдыбекович
Радиоизотоптық диагностика секторының дәрігері. Еңбек өтілі — 9 жыл.
Тагиров Тимур Тагирович
Радиоизотоптық диагностика секторының дәрігері. Еңбек өтілі — 3 жыл
Дүйсебаева Наргиза Әбдікәрімқызы
Радиоизотоптық диагностика дәрігері. Еңбек өтілі – 17 жыл.
Әшірбекова Әсел Темірболатқызы
Радиоизотоптық диагностика дәрігері. Еңбек өтілі – 8 жыл.
Мәліков Бекзат Мұхтарұлы
Радиоизотоптық диагностика дәрігері. Еңбек өтілі – 9 жыл.
Пак Лаура Алексеевна
Старший ординатор сектора радионуклидной терапии. Онкология 14 лет. Радионуклидная терапия 7 лет