
Орталық асқазан-ішек жолының онкологиялық ауруларына шалдыққан науқастарға кеңес беру, диагностика, жоғары технологиялық және мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді, ағза трансплантациясын жүргізеді, заманауи инновациялық әдістерді халықаралық стандарттарға сай енгізіп, қатерлі ісіктерді хирургиялық және аралас тәсілдермен емдеудің озық үлгілерін дамытады және қолданады. Сонымен қатар резидентура, бастапқы бейінді даярлау және біліктілікті арттыру курстары арқылы мамандарды дайындаумен айналысады.
Орталық Қазақстанда трансплантология саласының пионері атанды: 2013 жылы шетелдік мамандарды тартпай-ақ мәйіт донорынан (кадаврдан) алғашқы бауыр трансплантациясы жасалды; 2016 жылы қайтыс болған донордан алғаш рет бүйрек пен ұйқы безін бірмезгілде (симультанно) трансплантациялау жүзеге асырылды, сондай-ақ сол жылы ННКЦ кардиохирургтарымен бірлесіп алғаш рет бүйрек пен жүректі бір мезгілде трансплантациялау өткізілді. Қазақстанда алғаш рет АВО-үйлесімсіз трансплантациялар орындалды: бауыр — 2017 жылы, бүйрек — 2020 жылы. 2024 жылы орталық бауыр альвеококкозы жағдайында төменгі қуыс венасын қайта имплантациялау арқылы алғашқы туыстық бауыр трансплантациясын жүзеге асырды.
Орталық Жапония, Ұлыбритания, Түркия, АҚШ, Үндістан, Оңтүстік Корея, Беларусь және Ресейдің жетекші клиникаларымен бірлесіп күрделі клиникалық жағдайларды талқылайды. Орталық жұмысына медицина ғылымдарының докторлары, профессорлар Султаналиев Токан Анарбекұлы, Калиасқарова Күлпәш Сағындыққызы және Адылаханов Тасболат Алпысбесұлы жетекшілік етеді. Сонымен қатар құрылымында толыққанды диагностика мен ем жүргізілетін ақылы бөлім жұмыс істейді.
Басты бағыттары:
Жоғары санатты дәрігер, менеджмент және басқару магистрі, Астана қаласының штаттан тыс бас трансплантологы, гепатопанкреатобилиарлық хирург, онколог, трансплантолог. Еңбек өтілі – 20 жыл. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, АҚШ-та тағылымдамадан өткен.