Бұл түрдегі рак көбінесе кеш сатыда анықталады. Алғашқы белгілері нақты ауруға тән емес – іштің ауыруы, салмақ жоғалту, тері түсінің өзгеруі болуы мүмкін.
Бастапқы диагностикада УДЗ, КТ немесе МРТ қолданылады. Толық ақпарат алу үшін лапароскопия жасалады — бұл ұлпадан үлгі алып, зерттеу жүргізу әдісі.
Қауіп факторлары:
● Темекі шегу және ұйқыбездің созылмалы қабынуы (панкреатит);
● Өт тастары ауруы (холелитиаз).